378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

В.Додонов: Экономиканы дамытатын жаңа көзқарас керек

  • 265
  • UPD: 23:16, 22.02.2019
В.Додонов: Экономиканы дамытатын жаңа көзқарас керек

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додоновтың да пікірі осыған саяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни жаңадан жасақталатын министрлер кабинеті тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды басым бағыт ретінде таңдауы тиіс.

Вячеслав Додонов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері:

- Президент ел экономикасын одан әрі дамыту үшін сөзсіз жаңа көзқарас, жаңаша іс жүргізетін үкімет мүшелері қажеттігін айтып отыр. Өйткені базалық қажеттіліктер әлі өзгерген жоқ. Ол – ең алдымен экономиканы әртараптандыру, шикізаттың ықпалынан шығу және сондай-ақ әлемдік нарыққа тәуелділікті мейлінше азайту. Сондықтан ендігі жасақталатын үкімет негізгі мақсат-міндеттерді  жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы