378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдары керек

  • 376
  • UPD: 23:15, 22.02.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдары керек

Үкіметтің отставкаға кетуіне қатысты Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында «әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің жаңа жолдары керек» деген жазба қалдырды.

Тарқатып жеткізсек, онда: «Президенттің Үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімі – уақтылы қабылданған шара. Қазақстандағы жағдай жаңа шындыққа айналды. Әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге жаңа көзқарасты талап етіп отыр. Парламент Сенаты өз жұмысына түзетулер енгізеді», – делінген.

Хабар 24 телеарнасы