377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: Үкімет өзіне қажетті құзыреттің бәрін алды

  • 316
  • UPD: 23:25, 25.02.2019
Н.Назарбаев: Үкімет өзіне қажетті құзыреттің бәрін алды

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Үкіметтің жаһандық дамудың күрделі жағдайына қарамастан, экономиканың өсімін сақтауға күш салғанын атап өтіп, Үкімет мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. Ізінше Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық аренадағы тұрақсыздық пен санкциялық текетірестер еліміздің әл-ауқатын нығайту үшін тың шаралар мен шешімдер қабылдауды талап ететінін айтты. Сондай-ақ саяси жаңғырудың нәтижелеріне тоқталып, оның аясында билік тармақтары арасында өкілеттіктердің қайта бөлінгенін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Правительство получило все необходимые полномочия и должно четко выполнять свои обязательства перед населением, нести ответственность за свою деятельность. Эта ответственность касается и акимов всех уровней, которые также напрямую отвечают за эффективность социальных и экономических программ. Они должны быстро реагировать на запросы населения, и, самое главное, принимать меры.  Речь идет не только о качественной подготовке законопроектов, но и о вопросах выполнения важнейших государственных программ и проектов. Это также касается обеспечения постоянного парламентского мониторинга, создания диалоговых площадок с неправительственным сектором, разъяснения гражданам сути принимаемых государством мер, в том числе законодательных.

Елбасы жаңа Үкіметтің мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыруға, құқық қорғау және сот жүйесіндегі реформаларды аяғына дейін жеткізуге, тұрғындардың проблемаларын нақты шешуге тиіс екенін айтты. Сөйтіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын Мәжіліс депутаттарының қарауына ұсынды. Төменгі палата депутаттары да Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлады. Пленарлық отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы тиісті жарлыққа қол қойды.   

Хабар 24 телеарнасы