378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс Жеңіс Қасымбекті Премьер-министрдің орынбасарлығына тағайындауға келісім берді

  • 199
  • UPD: 17:04, 25.02.2019
Мәжіліс Жеңіс Қасымбекті Премьер-министрдің орынбасарлығына тағайындауға келісім берді inform.kz

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста Жеңіс Қасымбектің кандидатурасы ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға келісілді.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды.

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын ҚР Премьер-министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.

Хабар 24 телеарнасы