378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәурен Абаев жаңа министрліктің құрылуына қатысты пікір білдірді

  • 334
  • UPD: 23:24, 25.02.2019

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жаңа министрліктің қайта құрылуын уақыт талабы деп санайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, әрбір ведомство жағдайға қарай жаңғыртылуы қажет. Бұған дейін айтқанымыздай, бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қоғамдық даму министрлігінің кейбір қызметтері біріктіріліп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып өзгертілді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Министрлік әрқашан қазіргі жағдайға байланысты қайта құрылады. Осылайша қайта құру қажеттілігі пайда болды. Мемлекет басшысы қойған жаңа тапсырмаларды орындауға байланысты ведомство жаңғыртылды. Әрине, бұл – цифрландыру, ақпарат пен қоғамдық даму мәселелерін жаңа сатыға шығаратын дұрыс қадам.

Хабар 24 телеарнасы