377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

27 ақпанда «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезі өтеді

  • 505
  • UPD: 08:28, 27.02.2019

Бұл оқиға партияның 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертең бес бағыт бойынша панельдік сессия өтеді. Ал негізгі жиын арғы күнге жоспарланған. Онда партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы көтерген бес әлеуметтік бастама аясында жүргізілген жұмыстар сараланады. Съезге 2 мыңға жуық делегат қатысады. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, қарапайым жұмысшылар мен бизнес өкілдері және жастар бар.

Гүлмира Ешкеева, «Нұр Отан» партиясы Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары:

- Съезд қарсаңында ертең 5 тақырыптық пленарлық сессия өтеді. Солардың бірін біз ұйымдастырамыз. Сессияға Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысынан және алматылық делегаттар қатысады. Партия жарғысына енгізуге ұсынған өзгерістер талқыланады және партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы ұсынылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы