378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадияр Меңілбеков Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі болып тағайындалды

  • 286
  • UPD: 10:41, 26.02.2019
Мадияр Меңілбеков Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сәйкесінше, Елбасы Жарлығымен Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы