375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды

  • 417
  • UPD: 13:56, 26.02.2019
Ақтөбе облысына жаңа әкім тағайындалды inform.kz

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

Асқар Мамин мәслихат депутаттарына Мемлекет басшысының Оңдасын Оразалиннің кандидатурасын Ақтөбе облысының әкімі лауазымына ұсыну туралы хатын оқып берді.Депутаттар ҚР Президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Елбасы Жарлығымен Оңдасын Оразалин Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Естеріңізге сала кетейік, облыстық бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Асқар Мамин Б.Сапарбаевқа жаңа қызметінде табыс тілеп, Елбасының көрсеткен жоғары сенімін абыроймен ақтайтынына сенім білдірді.

Оңдасын Оразалин бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын. Оразалин 1963 жылы дүниеге келген. Ақтөбе педагогикалық институты мен Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек қызметін Ақтөбе педагогикалық институтында оқытушы болып бастаған.

1993-1999 жылдар арасында «Рика» банкінің басқарма төрағасы болды. 1999-2000 жылдары «Облтрангаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2000-нан 2003 жылға дейін Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі болды. 2003-2004 жылдары - Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының басшысы. 2004 жылы Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2005-2006 жылдары - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2014 жылдары - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісі. 2017 жылдың 22 наурызында Елбасының Жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 

Хабар 24 телеарнасы