375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысы өтті

  • 369
  • UPD: 17:24, 26.02.2019

Астанада Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысы өтті. Жиынға қатысушылар жаңа бағдарламаның жобасын талқылап, оның басым бағыттарына назар аударды.

Аталған құжатта әлеуметтік салаға басымдық берілген. Партия өкілдерінің айтуынша, «Нұр Отанның» алдағы 10 жылға жоспарлаған басты мақсаты – елімізді жүйелі жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға нақты үлес қосу. Сонымен қатар, саяси кеңес отырысында Съездің қарауына ұсынылған партия Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу және Саяси кеңес пен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есептік кезеңдегі жұмысын қорытындылау мәселелері қаралды. Одан бөлек, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты аталған органдардың жаңа құрамдарын сайлау мәселелері де сөз болды. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-Съезі ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді.

Махметқали Сарыбеков, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

- Партияның алдағы он жылға дайындалған жаңа бағдарламасының жобасы жан-жақты талқыланып, қаралды. Ертең енді ол бағдарлама партияның кезекті XVIII Съезінде қаралатын болады. Елбасы ол жобаның негізгі он стратегиялық бағыттарына тоқталып, партия басшылығына, одан кейін енді жаңадан сайланған Үкіметке нақты тапсырмалар береді деп күтілуде. ххх Съезд енді мынау, қазіргі кезде әл-ауқаттық қоғамды құруға, жалпы халықтың көзқарасын өзгертуге, әр адам осы қазақстандық қоғамда өзінің дұрыс орнын табуға Съезд өзінің үлесін қосады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы