389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне Елбасы қатысады

  • 2170
  • UPD: 11:01, 27.02.2019

Бүгін елордада «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі өтеді.

Ауқымды жиынға Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. 

Съездің күн тәртібіне 4 мәселе шығарылды: «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасын талқылау; партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; Партия саяси кеңесінің және орталық бақылау- тексеру комиссиясының есептік кезеңі бойынша жұмысының қорытындылары, сондай-ақ партия саяси кеңесінің және орталық бақылау-тексеру комиссиясы мүшелерін сайлау.

Съезге дайындық барысы қызу жүріп жатыр. Тәуелсіздік сарайына 2000 делегат жиналды. Съездің басталуы 11:00-ге жоспарланған.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы