378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезі басталды

  • 1701
  • UPD: 12:47, 27.02.2019

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі жұмысын бастады.

Нұротандықтарды партияның мерейтойымен құттықтаған Нұрсұлтан Назарбаев 20 жыл бойы иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан үзеңгілестерге алғыс айтты.

«20 жыл біз үшін тұтас дәуірге пара-пар. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қояр едік. Сондықтан, «Нұр Отан» мықты саяси күшке айналып, нақты жұмыс көрсетті. Партияластарыма алғыс айтамын», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы бүгінгі съезд Қазақстанның дамуына жаңа дем беретінін айтты.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста бас партияның алдағы 10 жылға арналған бағдарламасы көпшілікке таныстырылады. Маңызды құжат 10 бағыттан тұрады. Онда көпбалалы отбасыларға, кембағал жандарға және зейнеткерлерге берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту мәселесі қаралған. Жұмысшылардың жалақсын көтеру, елді баспанамен қамту, экономиканы цифрландыру және жастарға сапалы білім беру жайттары да назардан тыс қалмаған. Одан бөлек отандық медицинаны дамытуға да жіті көңіл бөлінеді.

Съезд партияның 20 жылдығына орайластырылып отыр. Жиынға қатысушылар бағдарламаны талқылаудан бөлек партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Одан өзге отырыста партиялық органдардың есебі тыңдалады және партия саяси кеңесінің құрамын жаңарту да көзделген.

Хабар 24 телеарнасы