389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Вьетнам қылмыстық істерді бірігіп ашады

  • 656
  • UPD: 11:43, 27.02.2019

Қазақстан мен Вьетнамның құқықтық органдары қылмыстық істерді ашу кезінде бір-біріне көмек көрсетеді.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміз бен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Құжатты ратификациялау екі елдің қылмыспен күрес бағытындағы  ынтымақтастығын арттырады. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин осындай сипаттағы шарттар жалпы 27 елмен бекітілгенін атап өтті. Қазір мұндай құжаттарды Куба, Грекия және Македониямен жасау пысықталып жатыр.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Еліміз бен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа 2017 жылдың маусымында Ханойда қол қойылған еді. Вьетнам Оңтүстік-Шығыс Азияда біз үшін тартымды елдердің бірі болып отыр. Яғни экономикалық тұрғыда бұл мемлекетпен байланыстар нығайып келеді. Айталық, өткен жылы Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы 500 млн АҚШ долларынан асты. Бүгінде Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей әуе рейстері ашылған. Сондықтан тек экономикалық емес, құқықтық тұрғыда да аталған елмен байланысты нығайту уақыт талабы болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы