378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: «Нұр Отан» бүгінде орнықты дамуды қамтамасыз еткен саяси күшке айналды

  • 343
  • UPD: 12:37, 27.02.2019

Еліміз егемендік алған жылдары азаматтардың кірісі 16 есе өсті.

Экономикамыз орнықты дамып, 350 млрд доллар инвестиция құйылды. Нәтижесеніде тек сыртқы сауда өсімі 9 есе арта түсті. 1400 аурухана мен 2800 колледждер мен балабақша салынды. «Бірақ егемендік жылдардағы ең басты жетістік – тәуелсіз мемлекет атанып, әлем мойындайтын қуатты елге айналуымыз». Елбасы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезекті съезінің отырысында осылай деді. Мемлекет басшысы мұндай толағай табысқа кенелуде мұқым қазақ елінің сіңірген еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті. Басты саяси партияның атқарған рөліне де тоқталып өтті. «Нұр Отанның» 20 жылдық мерейтоймен құттықтап, «ұйым бүгінде орнықты дамуды қамтамасыз еткен саяси күшке айналды», – деді.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-съезі отырысынан арнайы шығарылымды біздің арнамыздан бүгін кешкі сағат 21:30 көріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы