375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Nur Otan партиясының съезінде Елбасы қойған нақты міндеттер

  • 623
  • UPD: 12:43, 28.02.2019
Nur Otan партиясының съезінде Елбасы қойған нақты міндеттер

Бүгін Nur Otan партиясының кезекті XVIII съезі өтті. Съезде Елбасы Үкіметке нақты міндеттер қойды.

ҚР Президенті басты назарға азаматтардың өмір сапасы мен Қазақстанның әлеуметтік дамуына бағытталған мемлекет ретінде дамуын алу керектігін баса айтты.

Елбасы республикалық бюджет шығындарының 45% әлеуметтік салаға бағытталатынын атап өтті.

«Әлеуметтік бөлімде бірқатар түйткілді мәселелердің бар екені анықталды. Осыған байланысты, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін Ұлттық қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет бұл шығындарды дұрыс әкімшіліктендіруі керек», - деді Президент.

Бірінші. Бүгін қазақстандық отбасылардың әл-ауқаты деңгейін көтеру бойынша шараларды күшейту маңызды.

Олар тікелей денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда қызмет атқаратын 1 миллионнан астам азаматтық қызметкерлерге тікелей қатысты.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап:

- төмен жалақы алатын бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын 30% өсіру;

- аудандық және облыстық деңгейде азаматтармен тікелей жұмыс істейтін, төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын 25% өсіру;

Бұл мақсаттарға 2019-2021 жж. Қосымша 980 миллиардқа жуық қаражат бөлінеді.

- Үкіметке әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейтуді тапсырамын. Аталған көрсеткішті күнкөріс деңгейінің 70% дейін жеткізу;

- атаулы көмек алып отырған көпбалалы отбасылардың әрбір баласына берілетін жәрдемақыны 21 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Аталған көмекті барынша жеңілдету керек.

- әлеуметтік көмекті тағайындаудың барлық процедуралары оңтайландырылуы тиіс;

- ондай отбасылардың табысын есептегенде басқа әлеуметтік жәрдемақыларды санауды алып тастау қажет;

- мүгедек балаларды асырап отырған отбасылардың жәрдемақысы 30% өсіру;

Бұл шараларды іске асыруға 2019-2021 жж. 300 миллиардтан астам теңгені қосымша бөлу.

- Толық емес көпбалалы отбасыларға үйден жұмыс істеуге мүмкіншілік жасау қажет;

- ауылдағы көпбалалы отбасыларға жекелеген гранттар, квоталар және шағын несиелер бөлу қажет;

- барлық әкімдер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетудің өңірлік бағдарламасын партиялық «Бақытты отбасы» жобасына сәйкес қайта қарастыруы керек;

Екінші. Тұрғын үймен қамту және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту жұмыстарын қолға алу қажет;

Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылардың ішіндегі аз қамтылған отбасыларға басымдық бере отырып 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын.

Бұл мақсатқа таяу 7 жылда жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады.

Көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалар бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыру.

Бұл санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық 2-3% тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеуді керек. Ол үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырылды.

- Қоғамдық денсаулық пен алғашқы медицинақ көмекке бөлінетін қаражаттың жалпы денсаулық сақтау саласына қарастырылған ақшаның 40%-інен 60%-ке дейін арттырылуы тиіс;

Үшінші. Бүкіл елде халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған аймақтық саясатты жүзеге асыру қажет.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары республикалық автокөлік желілерінің құрылысы бойынша тарихи маңызды жұмыстардың жүргізілгендігін атап өтті. Нақты айтқанда, 12,5 мың шақырым, автомобиль және 2,5 мың шақырым темір жол салынып, қайта жаңғыртылды.

- Автобан салу маңызды. Дегенмен, үйге дейін жеткізілген жол одан да маңыздырақ. Заманауи жергілікті жолдары желісін кеңейту;

- өңірлік көлік инфрақұрылымының барлық нысандары, оның ішінде әуежайлар, авто және теміржол вокзалдары жаңғыртылуы тиіс.

2019-2021 жылдары Қазақстанның ірі қалаларында баспана салуға қосымша 90 млрд теңге бөлінеді.

Кіші және моноқалаларды дамыту үшін де жылына 10 млрд теңгеден үш жыл бойы қосымша қаражат бөлінеді.

-Елбасы елді мекендерге су тарту және сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қосымша 140 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Бұл қаражатты облыстар алып, жұмысқа кірісуі керек. Бұл шешім осы саладағы 2,2 млн азаматтың мәселесін шешеді;

-сондай-ақ Елбасы газдандыру және электр қуатымен қамту үшін 190 млрд теңге бөлуді тапсырды;

«Бұл мақсаттар үшін Үкіметке 2019-2021 жылдар аралығында 920 млрд теңге қарастыруды тапсырамын», - деді Президент.

- «Нұр Отан» партиясы еліміздегі инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған «Құтты мекен» партиялық жобасын іске қосуы керек. Осылайша 7,5 млн ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту мүмкіндігі туады;

- Үкімет әкімдермен және мәслихаттармен бірігіп, келешегі бар ауылдарды іріктеп, әлеуметтік нысандар мен интернаттар тұрғызу жұмыстарын жүргізуі керек;

- 7 мыңнан астам ауылды үш топқа бөліп қарастырдық. Халық саны көп, орталықтағы ауылдарды әрі қарай дамытып, жағдайы орташа ауылдарға көмектесу керек. Сосын кішігірім ауылдар бар. 10-20 үйі бар ауылдарға аурухана, мектеп салудың қажеті жоқ. Сондықтан, аудан орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту кезінде бірден интернаттар тұрғызу керек. Себебі балалар сапалы білім, сапалы медицинасы бар жерде өсуі тиіс. Ауылдармен осындай тәсіл арқылы жұмыс істеуі қажет;

- Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамын;

- осы бағытта қаржыландыру бойынша 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге бөлуді тапсырамын.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының кезекті отырысынан арнайы шығарылымды бүгін кешкі сағат 21:30-да «Хабар 24» арнасынан көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы