388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атқарылатын жұмыс қатаң бақылауда болады

  • 576
  • UPD: 13:39, 27.02.2019

Үкімет пен барлық әкімдер «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылған міндеттерді іске асыруға атсалысуы қажет.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша әрбір Үкімет мүшесі жеке-жауап береді. Ал қойылған тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын Президент Әкімшілігі қадағалайтын болады. Ол үшін арнайы мониторинг жасайтын комитет құрылады. «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы осындай міндет жүктеді. Бұл ретте халықпен кері байланыс орнатып, қоғамды мазалаған сұрақтарға тез арада әрекет ету керек. Оған мемлекеттік органдардың назарын аудару міндетті. Осы тұста «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдаулары тұрғындарға қол ұшын созатын бірыңғай көмек көрсету терезесіне айналуы тиіс. Мұнда қағазбастылыққа жол жоқ. «Нұр Отанның» барлық бөлімшелері бірінші кезекте осы міндетті қолға алуы керек.

Хабар 24 телеарнасы