375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Египет президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • 191
  • UPD: 12:30, 28.02.2019
Елбасы Египет президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады akorda.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каирдегі теміржол вокзалындағы жарылысқа байланысты Египет президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Каир қаласының теміржол вокзалындағы жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы