378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

  • 387
  • UPD: 23:08, 28.02.2019
Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды primeminister.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Елбасы Өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды», - делінген баспасөз қызметінде.

Ал бұған дейін Мемлекет басшысының Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы