378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

20 жыл ішінде ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріміз баршылық – М.Әшімбаев

  • 263
  • UPD: 15:25, 01.03.2019

Бүгін Nur Otan партиясына 20 жыл. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген айтулы мерекеге орай Астанада партия қатарына 20 адам қабылданды.

Партиялық билеттерді жаңа мүшелерге Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәулен Әшімбаев салтанатты жиынға қатысушылардың назарын партияның XVIII съезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген міндеттерге аударып, халықтың тұрмысын жақсартып, әл-ауқатын арттырып, табысын еселеуі тиіс тапсырмаларды орындауда жұмыла жұмыс жасау маңызды екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Өткен 20 жылдың ішінде біраз ауыз толтырып айтарлық жетістіктеріміз де, жеңістеріміз де баршылық. Қазіргі таңда Президентіміз еліміздің алдына бұдан да үлкен стратегиялық мақсаттар да қойып отыр. Ол - елімізді жүйелі түрде жаңғырту, сөйтіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Осы бағыттарда да біздің партиямыз алдымыздағы жылдары табысты, өте нәтижелі еңбек етеді деп сенемін.

Жалпы бүгін нұротандықтардың қатары 3 мыңнан астам мүшемен толықты.Олардың арасында еңбек сіңірген қайраткерлер, журналистер, әншілер, кино және театр әртістері, кәсіпкерлер мен тағы да басқалары бар. Айтып кету керек, бүгінде елімізде 1 миллионға жуық нұротандық пен 6 мың бастауыш партиялық ұйым жұмыс істейді.

Қаракөз Сүлейменова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Бүгінгі күні осы қатарға қосылып жатқан менің мақсатым, мүддем - билік пен халықтың арасында шамам келгенше дәнекер болу. Осы мақсатты көздеймін. Ол жақсы жағынан. Ол мені жарнамалау үшін емес, мемлекеттің, Үкімет басындағы адамдардың, ең алдымен Елбасының жүргізіп жатқан саясатын мейілінше халыққа түсіндіре білу, жеткізе білу. Солардың арасында, солардың тілімен сөйлесем бе деген ниетім бар.

Хабар 24 телеарнасы