378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы кадрлық тағайындаулар жасады

  • 434
  • UPD: 13:05, 02.03.2019
Мемлекет басшысы кадрлық тағайындаулар жасады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ал мұның алдында Мемлекет басшысының Өкімімен Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы