378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

27 жыл бұрын Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды

  • 394
  • UPD: 21:53, 02.03.2019
27 жыл бұрын Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды

1992 жылғы 2 наурыз Қазақстан тарихындағы маңызды кезең болып табылады, өйткені осы күні халықаралық қауымдастық еліміздің тәуелсіздігін мойындады.

27 жыл бұрын Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымына 168-ші мүше-мемлекеті болды.

Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге қатысуға, сондай-ақ БҰҰ-ның Орнықты дамуға қол жеткізу жөніндегі мақсаттарына жәрдемдесуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар БҰҰ-ға мүшелік жас мемлекеттің прогресивті дамуына ықпал етті.

БҰҰ-мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жоғары деңгейдегі көптеген байланыстар ықпал етті. 1992 жылдан бастап Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне 10 рет сапар шегіп, Бас ассамблеяның жоғары деңгейдегі жалпы саяси пікірталастарында 7 рет сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннан, Пан Ги Мун және Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапарлармен бірнеше рет келді.

БҰҰ алаңында Елбасы Н.Назарбаевтың даму саласындағы және соғысқа қарсы, антиядролық, террорға қарсы бастамалары табысты іске асырылуда.

Біздің БҰҰ-ға мүшелігіміздің шарықтау шегі Қазақстанның 2017-2018 жылдар кезеңіне БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы болды. БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бас органына мүшелік Қазақстанға өзін белсенді және жауапты халықаралық ойыншы ретінде көрсетуге және бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимылы жаһандық және өңірлік деңгеймен шектелмейді, сонымен қатар біздің елімізде қарқынды дамып келеді. Бүгінде Қазақстанда БҰҰ-ның 18 ұйымы жұмыс істеуде, олармен ынтымақтастық еліміздің барлық аумағында ондаған жобаны табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы