378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумы өтеді

  • 417
  • UPD: 23:54, 03.03.2019

Бейжіңде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының сессиясы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Онда биліктің биігінде отырған лауазым иелері өткен жыл бойынша есеп беріп, биылғы бюджетті бекітеді. Шара наурыздың 13-іне дейін жалғасады.

Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасының аясында стратегиялық даму жоспарларын ұштастырып, бірлескен жобаларын жүзеге асырып жатыр. Оның жақсы нәтижелері де бар. Бұл туралы Бейжіңде Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі бүкілқытайлық комитетінің ресми өкілі Го Вэнминь мәлімдеді. Оның айтуынша, «Белдеу мен жол» бастамасы өркениеттер арасындағы байланыстың жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Оған дәлел биыл сәуір айында жоғары деңгейдегі екінші «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумы өтеді. 

Го Вэйминь, Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі бүкілқытайлық комитетінің ресми өкілі:

- Халықаралық деңгейдегі үлкен шараларды ұйымдастыру арқылы бір әріптестікті нығайтып, халықтар арасындағы байланысты тереңдетуге белсенді үлес қосамыз. «Бір белдеу, бір жол» бейбіт дамуды көздейді. «Жібек жолының рухы» ашықтық пен өзара тиімді ынтымақтастықтан тұрады. 

Бүгін Бейжіңде Қытай халықтық саяси консультатвитік кеңесінің 2-сессиясы басталды. Наурыздың бесінде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны өтеді. Онда үкімет басшысы Ли Кэцян баяндама жасап, өткен жылға есеп береді. Сондықтан жұрт назары Қытайдағы осы екі сессияға ауды. Өйткені әлемнің екінші экономикасы 2019 жылға арналған әлеуметтік даму бағдарламасын жариялайды. Қорғанысқа қанша қаржы бөлетіні белгілі болады. Әлбетте бұл мәліметтер Қытаймен тығыз байланыстағы мемлекеттер үшін ғана емес, жалпақ жұртқа маңызды.

Жиыннан ақпарат тарату үшін 3000 журналист тіркеуден өткен. Оның 1000-нан астамы шетелдік тілші. Қытайдың медиакорпорациясы бірінші рет сессияны 5G технологиясы арқылы аса тұнықтығы жоғары 4K форматында таратпақшы. Өйткені бұл екі жиын да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын маңызды отырыс.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы