377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде атқарған жұмысы талқыланып жатыр

  • 261
  • UPD: 11:38, 04.03.2019

Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде атқарған жұмысы бүгін Парламент мәжілісінде егжей-тегжейлі талқыланып жатыр.

Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі баяндама жасап, Қазақстан көтерген бастамаларға тоқталып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде еліміздің қол жеткізген басты жетістіктері қандай?

Соңғы екі жылда Қазақстан өзін ықпалды мемлекет ретінде көрсете білді. Осы уақыт ішінде халықаралық деңгейдегі мыңнан астам мәселе талқыланды. Ядролық қарусыздану, Орталық Азия мен Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне Қазақстан етене араласты. Еліміздің Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысы барысында Мемлекет басшысы бірнеше рет әлемдік қауымдастықтарды бейбітшілікке шақыратын үндеу жолдады. Елбасының бұл бастамалары халықаралық беделді ұйымдар тарапынан қолдау тапты. Бұл - елеміздің әлемдік аренадағы беделін одан әрі күшейткені айқын.

 

Хабар 24 телеарнасы