375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пан Ги Мун Қазақстан медалімен марапатталды

  • 222
  • UPD: 09:04, 05.03.2019

Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы басшысы Пан Ги Мун Қазақстанның халықаралық аренадағы жұмысын жоғары бағалады.

Бұл туралы ол Сеулде Корея Республикасындағы елшімізбен кездесуінде айтты. Саяси кайраткер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамасын ерекше атап өтті. Кездесу барысында Бақыт Дүйсенбаев Үкімет атынан Пан Ги Мунға Қазақстан тәуелсіздігіне арналған медалін ұсынды. Бұл мемлекеттік марапат еліміздің халықаралық ұйымдарымен байланысын арттыру мақсатында берілді. Елші Пан Ги Мунды Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды. Ол қазір Жаһандық жасыл өсім институтын басқарады. Ұйым Қазақстанмен ынтымақтастығын нығайтуды көздеп отыр.

Бақыт Дүйсенбаев, ҚР-ның Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Пан Ги Мун мырзамен біз жақсы қарым-қатынастамыз. Ол халықаралық аренадағы бастамаларымызды әрқашан қолдайды. Былтыр Пан Ги Мун мырза қонақ ретінде Астана экономикалық форумына қатысып, Елбасы Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Биыл Астана экономикалық форумына қатысады деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы