388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды

  • 978
  • UPD: 19:29, 06.03.2019
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы тағайындалды qazaquni.kz

Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Хабар 24 телеарнасы