378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Министрлер кабинеті мүшелері Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

  • 226
  • UPD: 23:50, 12.03.2019

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова Атырау облысына сапарлап барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасарымен бірге Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті мен Орман және жануарлар әлемі комитетінің төрағалары облыс тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді. Бір айта кететін жайт, бүгінгі кездесуде ешкімнің сауал қоюына шектеу болмаған. Әр тұрғын өз проблемасы жөнінде Үкімет мүшелеріне тікелей сұрақ қоюға мүмкіндік алды. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Халықтың, аналардың қойып отырған сұрақтары көбінесе әлеуметтік көмекке байланысты. Соны түсіндіріп айттық. Енді бұл көмек жеке аналарға, көп балалалы аналарға, отбасына қарап есептеледі. Сондықтан барлығын жазып алдық. Екі мәселені  айтуға болады. Бірінші мәселе – жаңа өзгерістерге байланысты біраз адамға, ең аз қамтылғандарға жәрдемақы шешіледі. Екінші мәселе – үй мәселесі. Ол бойынша жаңа өзгерістерді айттық.

Хабар 24 телеарнасы