389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әсет Исекешев Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

  • 662
  • UPD: 19:25, 14.03.2019
Әсет Исекешев Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Астанада Президент әкімшілігі басшысының төрағалығымен Елбасы тапсырмаларының тиімді әрі сапалы атқарылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламалар мен реформаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жиында Әсет Исекешев Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлердегі инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселелердің картасы әзірленгенін айтты. Аталған құжат жақында Үкімет пен аймақ басшыларына жолданбақ. Одан бөлек, әкімдердің жыл сайынғы есеп беруін жаңа форматқа көшіру көзделгені мәлім болды. Енді қала және өңір басшылары тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін жіті қарайтын болады. Осы жұмыстар Елбасы ұсынған «Халыққа көмек» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы