378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А. Мамин Astana Hub-та цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

  • 133
  • UPD: 18:17, 14.03.2019
А. Мамин Astana Hub-та цифрландыру жөнінде кеңес өткізді primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин Astana Hub АT-стартаптар халықаралық технопаркін аралап, әзірленіп жатқан бірқатар жобаны көрді.

Онда Премьер-министр стартап-жобалардың, «Шеберхана» прототиптеу зертханасының, «Бизнес періштелер» клубының инвесторларымен және өкілдерімен кездесті. Бұған қоса Үкімет басшысының қатысуымен цифрландыруды дамыту мәселелері туралы кеңес өтті. Жиында цифрлық технологияларды дамыту бойынша елімізде қолға алынған шаралар таныстырылып, оны одан әрі жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Премьер-министр кеңес қорытындысы бойынша құзырлы министрліктерге саладағы жұмыстарды жандандыру және кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалармен стартап жобалардың қоса дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Айта кетейік, бүгінде Astana Hub қатысушылары үшін жеңілдетілген салық режимін, сондай-ақ шетелдік қатысушылар үшін виза алудың оңтайландырылған үрдісін ұсынып отыр. Технопаркте 150 стартап, яғни 500-ден аса кәсіпкер өз жобаларын дамытып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы