378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей сенаторлары Жайықтың экологиялық проблемасын талқылады

  • 127
  • UPD: 22:22, 14.03.2019

Жайық өзенінің экологиялық проблемасын бүгін Қазақстан мен Ресей сенаторлары талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоғары палатаның халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері ресейлік әріптестерімен кездесіп, осы және Еуразиялық экономикалық интеграция, әскери-техникалық, өңірдегі қауіпсіздік секілді мәселелерді қаузады. Депутат Дариға Назарбаеваның айтуынша, Жайықты сақтау жөніндегі 20 жыл бойы жүргізілген келіссөздер бірер күн бұрын аяқталып, қос мемлекет бұл сұрақты бірлесе шешуге уағдаласты. Сондай-ақ кездесу барысында тараптар Сирия мәселесін реттеудегі Астана процесің рөлі маңызды екенін айтып, террористердің Орталық Азияға ағылып жатқанына алаңдаушылықтарын білдірді.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Біз былтыр ақпан айында Мәскеу қаласында кездесіп, Еуразиялық экономикалық интеграция мәселесін қозғап едік. Екі елдің экономикалық мүддесі ортақ. Сондықтан осы орайдағы проблеманы шешу үшін шекаралас облыстардың қарым-қатынасын губернаторлармен және әкімдермен бірге дамыту қажет.

Константин Косачев, РФ федерация кеңесі комитетінің төрағасы:

– Әскери-техникалық, сауда-экономикалық гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту секілді мәселелерді талқыладық. Қос мемлекет арасында әскери-техникалық келісім жасалған. Бұл құжат Қазақстан аумағында ресейлік тауар өндірушілердің қатысуымен өндірістік кооперация құруды көздейді. Бірақ бүгінде мұның бәрі іс жүзінде орындалмай отыр. Бұл мәселені Ресей тарапы шешуі тиіс. Сондықтан елге оралған соң, осы сұрақты бақылауға аламыз.

Хабар 24 телеарнасы