378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Германия парламентаралық ынтымақтастықты нығайтпақ

  • 152
  • UPD: 23:37, 14.03.2019

Қазақстан мен Германия парламентаралық және сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған делегация Берлинге жұмыс сапарымен барды. Депутаттар Бундестаг, Бундесрат және экономика министрлігі басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Владимир Божко неміс саясатшыларына «Nur Otan» партиясының 18-съезінде Елбасы алға қойған мақсаттар туралы баяндап берді. Сонымен қатар қос тарап ауыл шаруашылығы, білім беру, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастықты талқыға салып, шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде пікір алмасты. Қазақстанды неміс тәжірибесі қызықтырып отыр, өйткені шағын және орта бизнес Германия экономикасының қозғаушы күші болып саналады. Депутаттар неміс әріптестерін Еуразия елдері парламенті жетекшілерінің 4-кеңесіне қатысуға шақырды. 84 елдің өкілдері қатысатын бұл конференция биыл күзде Астанада өтеді.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

– Әлемде ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатымызды ескерсек, Германиядағы заң шығару жұмысы, депутаттардың әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудегі тәжірибесі бізге өте маңызды болып отыр. Өткен кездесулердің нәтижелеріне ризамыз. Германия делегациясы қыркүйек айында Астанада өтетін конференцияға қатысады деген үмітіміз бар.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ішкі істер министрлігінде кездесулер болды, олар қазақстандық немістерге қолдау берумен айналысады. Бұл ең алдымен тілі, мәдениеті мен тарихына қатысты. Біздің бұрынғы отандастарымыз Германия халқының 1% құрап, елдің дамуына зор үлес қосып жүр. Олар бізге жат емес екенін айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы