388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ Жастар лигасы мүше елдерде хаб құруды көздейді

  • 451
  • UPD: 13:31, 15.03.2019
ШЫҰ Жастар лигасы мүше елдерде хаб құруды көздейді

Биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының Жастар лигасы Қазақстанда және өзге де ұйымға мүше мемлекеттерде хабтар құруды жоспарлап отыр. 

2019 жылы елімізде жастар жылы деп жарияланғандықтан осы салада әріптестікті нығайта түсеміз деген ниеттеміз, дейді лиганың негізін қалаушы Виктория Ху. Оның айтуынша, Шанхай хатшылығының жанындағы Жастар лигасы Қазақстандағы жастар жылына орай өткізілген халықаралық жеңіл атлетикадан жарысқа белсенді қатысты. Өйткені шанхай рухын насихаттау, жан-жақты байланыс орнату бүгінгі біздің басты міндетіміз дейді. Сондықтан қазақ еліндегі университтермен өзара қарым-қатынас орнатуға ниетті. Жалпы Бейжіңде білім алып жатқан ұйымға мүше мемлекеттердің студенттері түрлі деңгейдегі кездесу де ұйымдастырып тұрады. Олар таяуда Қытайдағы Қазақстан Елшісі Шахрат Нұрышевпен жүздесіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

Виктория Ху, ШЫҰ хатшылығы жанындағы жастар лигасының төрайымы:

- Бұл кездесу біз үшін маңызды. Бүгін Шахрат Шахизатұлы бізбен көптеген ақпаратпен бөлісті. Қарапайым студенттен үлкен дипломатқа дейінгі өмір жолы көбімізге үлгі. Соған ұқсап бағамыз.

Хабар 24 телеарнасы