375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Брюссельде Сирия бойынша халықаралық конференция жұмысын аяқтады

  • 112
  • UPD: 23:46, 15.03.2019

БҰҰ-ның шақыруымен келген ірі донорлар сириялықтарға қайырымдылық көмек беру үшін қаржы жинаған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Сонымен қатар форумда Сириядағы жағдай мен осы шиеленісті реттеу жолдары талқыға салынды.

БҰҰ мен Еуроодақтың шақыруымен өткен конференцияға 85-тен аса мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Форумның басты мақсаты – Сирия шиеленісін бейбіт реттеу ісіне қолдау көрсетіп, осы елге және көрші мемлекеттерді паналаған босқындарға қаражат жинау. БҰҰ-ның мәліметінше, 5 жарым миллионнан аса сириялық соғыстан көрші елдер мен Еуроодақ аумағына қашқан. Оларды отанына қайтару үшін қомақты қаржы қажет. Қазақстан осы араб еліне қолынан келгенше жәрдем беріп келеді. Бейбіт келіссөздерді өткізуге алаң беріп, қайырымдылық көмекті де жіберіп отыр.                                                                                                                                  

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Астана процесін өзін өткізу мәселесі, алаңымызды беруді, одан кейін ұйымдастырушылық мәселелерді, бәрін қарастырған кезде, Сирия дағдарысына тоқтатылуына үлкен үлес. Ал гуманитарлық жағынан болса, 2017 жылы, өздеріңізге белгілі, біз азық-түлік пен гуманитарлық көмек көрсеткенбіз.                                                                                                  

Форум мәжілістерінде Сирия шиеленісін реттеуде Астана процессінің маңыздылығы талай рет аталған.                                                                                      

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Әрине, қатысушылардың көбісі Астанада өтіп жатқан келіссөздерді жоғары бағалауда. Өйткені әр келіссөздер раунды бойынша практикалық нәтижелер қабылданған болатын.                                                   

Сергей Вершинин, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Ресей, Иран және Түркия кепілгер-елдер ретінде еңбек етіп жүрген Астана форматының тиімділігі талай рет атап өтілді. Қантөгісті тоқтатып, саяси процестің басталуына жағдай жасау тұрғысынан оның маңызы зор. Қазақстандық достарымызбен бірге Астанада да жоғары деңгейдегі он екінші кездесуді өткізуді қарастырып отырмыз. Ол алдағы айда өтуі мүмкін.     

Халықаралық форумға қатысушылар Сирия және жалпы бүкіл аймаққа қайырымдылық көмек көрсетуге шамамен 7 миллиард доллар қаражат жинаған. Осы соманың үштен екі бөлігін Еуроодақ пен жеке еуропалық елдер бөлетін болды. Қалғанын өзге қатысушылар қарастырады.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы