378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық сарапшы Астана процесінің маңыздылығын атап өтті

  • 151
  • UPD: 09:42, 17.03.2019

Қазақстанның бітімгерлік ұстанымдарын халықаралық сахнада күрделі мәселелерді шешуде қолдануға болады.

Мұндай пікірді Құрама Штаттардағы түрлі ғылыми және оқу орындарының белді сарапшылары білдірді. Мамандардың айтуынша, бұл ең алдымен әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік, жаһандағы қарулы қақтығыстардың алдын алу және оларды болдырмау, лаңкестікпен күрес мәселелеріне қатысты. Осы ретте сарапшылар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысы мен Сириядағы дағдарысты шешуге бағытталған Астана процесінің маңыздылығын да атап өтуде.

Рафис Абазов, АҚШ-тағы Колумбия университетінің профессоры:

- Қазақстанның қақтығысты бейбіт келіссөз арқылы шешу және өзара сенімділік ұстанымы ең күрделі жағдайда қолданатын үлгі дер едім. Тараптар келіссөз жүргізуден бас тартып, ахуал шиеленіскен кездерде Қазақстанның дәл осы позициясы көмектескені белгілі.

Хабар 24 телеарнасы