378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратына барды

  • 189
  • UPD: 23:33, 18.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Алматы ауданында бой көтерген мекеменің жұмысын көріп, болашақ жоспарларымен танысты. Жаңа ғимараттың құрылысы 2015 жылы басталып, былтыр желтоқсан айында аяқталған еді. Елбасы басқарма қызметкерлерімен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев оларды Наурыз мерекесімен құттықтап, ұжымның қызметіне сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Наурыз мерекесінің алдында келіп, ғимараттарыңды ашып, ішіне қарайын деп келдім. Тапсырма беріп, осыны жасатқыздым. Осындай орталық көршілерде бар ма екен, білмеймін. Жағдайды барлығыңа жасадық. Барлығың бірігіп жұмыс істейтін болыңдар. Мұсылмандар мешіттерге келетін болады. Үлкені бар, кішісі бар. Барлығы мешітке келеді. Сол кезде оларға дұрыс уағыз айтып отырыңдар. Бұл елдің, халықтың жұмысы, бәріміздің істеп жатқанымыз біреу-ақ. Елдің бірлігі болмаса, ештеңе де болмайды. Мемлекет те болмайды, болашақ та болмайды.

Хабар 24 телеарнасы