388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент жоғары әскери және арнаулы атақтар табыстады

  • 576
  • UPD: 23:45, 18.03.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мен Қорғаныс министріне жоғары әскери және арнаулы атақтар табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, Президент Қаулысымен Кәрім Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, ал Нұрлан Ермекбаевқа генерал-майор әскери шені берілді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Жалпы, жағдайды ескере отырып қорғаныс министріне және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына генерал-майор атағын беруді ұйғардым. Атқарып жатқан қызметтеріңізге қажет деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы