379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В.Матвиенко: Назарбаев – көреген саясаткер

  • 202
  • UPD: 10:14, 20.03.2019

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – дана әрі көреген саясаткер. Бұл туралы Ресейдің Федерация Кеңес спикері Валентина Матвиенко мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақтан Республикасының Тұңғыш Президенті Халықаралық аренада көптеген мәселелерді шешуге ықпал етті. Еуразиялық экономикалық Одақтың құрылуына бастамашы болды. Әлемде бейбітшілік орнату жолында аянбай еңбек етіп келеді дейді ресейлік саясаткер.

Валентина Матвиенко, РФ Федерация кеңесінің спикері:

- Егер Нұрсұлтан Назарбаев осындай шешім қабылдаса, демек, ең дұрыс шешім осы болғаны ғой. Әрине Президент лауазымынан кеткені өкінішті. Өйткені ол өте дана әрі көреген саясаткер. Ал Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты көп жылдан бері танимын. Қазір оған сайлауға дейін елді уақытша басқару міндеті тағайындалып отыр. Болашақта Қазақстан президентін қазақ халқының өзі ұсынылған үміткерлер арасынан таңдайтын болады. Ал өтпелі кезеңде, яғни қазір Қазақстан сенімді адамның қолында деп сеніммен айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы