379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Халыққа тұрақтылық қамтамасыз етіледі

  • 141
  • UPD: 10:14, 20.03.2019
Сарапшы: Халыққа тұрақтылық қамтамасыз етіледі

Кеңес Одағы ыдыраған соң тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Егеменді елдің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев алғаннан бері Қазақ елі бірталай жетістікке жетіп, айдай әлемге танылды.

Сындарлы сәттер аз болмады. Бірақ, түрлі дағдарыстан теңселмей өттік. Экономикамыз қатты құлдыраған жоқ. Әлеуметтік әлеуетіміз артты. Әлі де арта түседі. Президенттің міндетін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев даму мен тұрақтылыққа негізделген саясатты жүргізе бермек. Білікті саясаткер ішкі және сыртқы жағдайларды бес саусағындай біледі. Сондықтан халық ертеңгі күнге алаңдамауы тиіс, дейді сарапшы.

Жәнібек Арынов, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Қазіргі таңда ел тұрғындарына шетелдік азаматтарға, инвесторларға тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Және басталған бағыт ішкі және сыртқы саясаттағы әрі қарай жалғастырылады деген үндеу болған секілді. Сыртқы және ішкі саясатта қатты өзгерістер күтілмейді.

Хабар 24 телеарнасы