389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

  • 678
  • UPD: 03:32, 20.03.2019
Н.Назарбаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін атқаруын 2019 жылғы 20 наурыздан бастап тоқтатуына байланысты қабылдаған шешімі жөнінде әңгімелесті.

Президенттер алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге келісті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты «осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі Президент» деп атады.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге келісті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қырғызстан Президенті С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта  тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге келісті.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Беларусь Президенті А.Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге келісті. 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Армения Премьер-министрі Н.Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы