379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы елге айналды

  • 303
  • UPD: 10:06, 20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың егеменді Қазақ елін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. Елбасының сындарлы саясатының арқасында мемлекетіміз тұрақты дамыды. Бейбітшілік пен тұрақтылық үстемдік еткен соң халықтың да саны өсті.  Жеткен жетістіктерімізді бір ғана сюжетке сыйғызу мүмкін емес. Белгілі. 

Бұл 1991 жыл. Тарих! Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылды. Мемлекет басшысы бірден шекарамызды шегендеп алды. Дербес мемлекет болдық. Мұны әлем мойындады. Қылышынан қан тамған қызыл империяның емес, өзіміздің әнұранымызды шырқап, туымызды желбіреттік. Егеменді елдің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев алғаннан бері қазақ елі бірталай жетістікке жетіп, айдай әлемге танылды. Сындарлы сәттер аз болмады. Бірақ түрлі дағдарыстан теңселмей өттік. Экономикамыз қатты құлдыраған жоқ. Әлеуметтік әлеуетіміз артты. Елбасының ел үшін жасаған еңбегі аса еселі. 30 жылда Қазақ елін жаңа белеске шығарды. Мұны халық біледі. Ел біледі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы елге айналды. «Қазақстан-2030» стратегиясы уақытынан бұрын орындалды. Бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына  қосылдық. Елбасының сындарлы саясатының арқасында  елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік салтанат құрды.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Ең айтулы оқиға – Арқаның төсінде жаңа Астана салынды. Бір кездері елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданғанда кейбіреулері бұған күмәнмен қарап еді. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаевтың сол бір шешімі бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазір Астана - елдің жүрегі. Астана әлемнің назарында.

Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналды.  Айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым-қатынастарда да еліміздің мәртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды.

Марат Жұмағұлов, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:

- Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы еңбегі орасан. Әлеуметтік, экономикалық деңгейіміз өсті. Бұрын-соңды болмаған дамуға жеттік.

30 жылда еліміздегі жастардың лайықты білім алып, әлемді тануына мүмкіндік туды. Жаһандық деңгейдегі университет ашылып, зияткерлік мектептер салындық. Демографиялық көрсеткіш өсті. Әлі де өсе бермек. Себебі Президенттің міндетін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев даму мен тұрақтылыққа негізделген саясатты жүргізе бермек. Сондықтан халық ертеңгі күнге алаңдамауы тиіс, - дейді сарапшы.

Жәнібек Арынов, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Қазіргі таңда ел тұрғындарына шетелдік азаматтарға, инвесторларға тұрақтылық қамтамысз етіледі. Және басталған бағыт ішкі және сыртқы саясаттағы әрі қарай жалғастырылады деген үндеу болған секілді. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік көшбасшыға айнала білді. Өзгелер санасатын білікті һәм беделді саясаткер атанды. Бола бермек. Себебі Елбасы өкілеттігін уақытша тоқтатқанымен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінде қалады. Елмен бірге болады. Біз бен сіздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы