380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының өкілеттігін өз еркімен тоқтатуы туралы шешімін Армения саясаткерлері талқылады

  • 282
  • UPD: 03:16, 20.03.2019
Елбасының өкілеттігін өз еркімен тоқтатуы туралы шешімін Армения саясаткерлері талқылады

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін өз еркімен тоқтатуы туралы шешімін Арменияның саясаткерлері де талқылап жатыр.

Елдің Ұлттық Кеңес вице-спикері Ваге Энфиаджян бұл шешімнің көрегендігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, саясаткер болашақта екі ел арасындағы серіктестіктің жалғасын табатынына сенімін білдірді.

Ваге Энфиаджян, Армения ұлттық кеңесінің вице-спикері:

- Бұл мәлімдеме қазақтандықтар үшін де, әлем үшінде күтпеген жағдай болды. Өйткені Назарбаевтың өкілеттілігі бір жылдан соң аяқталуы керек еді. Ел Президенті билік басында болғанда халықтың үлкен қолдауына ие болды. Бұл үлкен жауапкершілік. Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарған уақытында арамызда сенімді әрі жемісті серіктестік орнады. Болашақта да бұл жалғасын тауып, қарым-қатынасымыз тек нығая түседі деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы