379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

  • 131
  • UPD: 11:16, 20.03.2019
Назарбаев Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяомен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Қытай дипломаты Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы сәуірде Бейжің қаласында өтетін «Бір белдеу, бір жол» атты ІІ халықаралық ынтымақтастық форумына шақыруын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы