389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ елімізді беделді стратегиялық серіктес санайды

  • 506
  • UPD: 13:57, 20.03.2019

АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыра бермек.

Алпауыт мемлекет біздің елді беделді стратегиялық серіктес санайды. Бүгінде мемлекеттер арасында берік байланыс орнаған. Былтыр Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуі осыған дәлел. Қос елдің ортақ мақсаттары көп. Сондықтан көптеген мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыра береміз деген ниеттеміз. РИА Новости порталына Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік департаментінің өкілі осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол АҚШ мемлекеттік хатшысының  осыған дейін жасаған мәлімдемесін де тілге тиек етті. Майк Помпео қазақ елі тұрақтылықты сақтай отырып, бейбітшілікті нығайту бойынша әлемдік аренада жетекші рөлге ие екенін айтқан болатын. Бұған қоса саясаткер экономикалық даму көрсеткіші бойынша да бізді Орталық Азияда жетекші орындағы мемлекет деген пікір білдірген.

Хабар 24 телеарнасы