377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Назарбаевтың шешіміне қатысты Армения саяси талдаушылары пікір білдірді

  • 103
  • UPD: 14:00, 20.03.2019

Арменияның саяси талдаушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың уақытынан бұрын президенттік өкілеттігін тоқтату шешімін қызу талқылап жатыр.

Сонымен қатар олар жақын арада Қазақстан өзінің дамуындағы ең дұрыс жолды таңдарына сенімділік білдіруде.

Арам Сафарян, Еуразиялық сараптау клубының үйлестірушісі, саяси талдаушы:

- Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қалыптастырған саяси мәдениет әлі талай жылдар бойы сақталатынын айтқым келеді. Сонымен қатар көптеген жылдар бойы Қазақстан қоғамы жеткен жеңісі мен күткен үмітін Нұрсұлтан Назарбаев дәуірімен салыстырып отырады деп ойлаймын. Мен саяси сарапшы болғандықтан, Қазақстандағы ахуалды жылдар бойы бақылап келемін. Сондықтан бауырлас қазақ халқының өмірінде болған көптеген жетістіктердің куәгерімін деуге болады.

Арам Сафарян Нұрсұлтан Назарбаевтың өз ізбасарын таңдау мәселесінде де көрегенділік танытқанына тоқталды.

Арам Сафарян, Еуразиялық сараптау клубының үйлестірушісі, саяси талдаушы:

- Тұңғыш Президенттің ізбасары, Қасым-Жомарт Тоқаев – халықаралық деңгейдегі дипломат және де аса көрнекті саяси қайраткер. Мен бірнеше жыл бойы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясында жұмыс істеу мәртебесіне ие болдым. Сол кезде мен Арменияның парламенттік делегациясына жетекшілік еттім, ал Тоқаев мырза Қазақстан делегациясының басшысы болған еді.

Хабар 24 телеарнасы