377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамыкин: Қазақстанның саясатта қол жеткізген жетістіктерінің бәрі Н.Назарбаевпен тікелей байланысты

  • 104
  • UPD: 16:14, 20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуына қатысты Еуропалық Парламент өкілдері пікір білдірді.

Брюссельде Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі орасан зор екенін айтып, Елбасының бейбіт бастамалары өзекті әрі тез арада жүзеге асырылуға лайық деп есептейді. Еуропарламент депутаттары Тұңғыш Президенттің өкілеттігін тоқтату шешімін жоғары бағалай отырып, Елбасы жетекшілігімен таңдалған Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын одан әрі жалғастыратынына сенім білдіреді.

Андрей Мамыкин, Еуродепутат, Сыртқы істер бойынша еуропарламент комитетінің мүшесі:

- Қазақстанның саясатта қол жеткізген жетістіктерінің бәрі Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Ол әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде көптеген істі атқарды. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаев батылдығымен ерекшеленеді. Мәселен, 93 және 94 жылдары, бәрі құлдырап жатқан уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы еуразиялық кеңістіктегі интеграция идеясын ұсынған болатын.

Хабар 24 телеарнасы