379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Давид Сторобин: Қазақстан барлық елдермен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалды

  • 119
  • UPD: 16:16, 20.03.2019

Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі нығайды.

Еліміздің Тұңғыш Президентінің өкілеттігінің тоқтауы туралы жаңалыққа АҚШ елі аса қызығушық танытты. Құрама Штаттарында Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатқан рөлін ерекше бағалайды. Бақылаушылар оның тәуелсіздікті сақтап, елдегі жағдайды тұрақтандыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз еткен еңбегіне құрметпен қарайды. Нью-Йорк штатының бұрынғы сенаторының пікірінше, Қазақстан елі Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында басқа елдермен бейбіт қарым-қатынасты орнатты.

Давид Сторобин, Нью-Йорк штатының бұрынғы сенаторы:

- Біріншіден, Қазақстан – түрлі халықтар мен діндердің өкілдері тату тұрып жатқан көпұлтты ел. Көрші мемлекеттермен де бейбіт қарым-қатынаста. Сондай-ақ бір-бірімен араздасқан елдермен де дос. Мысалы, Америка мен Ресей, Израиль мен Сирия. Бұл Қазақстан бүкіл мемлекеттермен өзара тиімді қатынастар орната алатынын айғақтайды. Осы ретте Сирия үкіметі мен оппозициясы бітім жасасу үшін бір үстел басына отырған алаң – Астана процесін ерекше атап айтқым келеді. Ең алдымен бұл елдеріңізге зор сенім бар екенін көрсетеді. Елордаңыз Астана да үлкен жетістіктеріңіз. Бұл – ХХ ғасырға сай заманауи әсем шаһар. Жасыл технологиялар көрмесі ЭКСПО керемет өткен. Спорттағы бокс пен хоккейдегі жетістіктеріңіз. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес мүше болып сайлану. Мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтің еңбегі.  Бұл бүгінгі тұрақтылығыңызға кепіл болып отыр, осының арқасында Президент өкілеттілігін тоқтата алады. Көрші елдерде азамат соғыстары, төңкерістер мен бүліктер болған. Ал Қазақстанда үнемі бейбітшілік сақталып жүрген. Бұдан асқан дүние жоқ.

Хабар 24 телеарнасы