379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаевтың үндеуі грузин депутаттары үшін күтпеген жаңалық болды

  • 173
  • UPD: 16:29, 20.03.2019

Әлемдік деңгейдегі тұлға.

Бұл – Қазақстан Республикасының экс-президенті атанған Нұрсұлтан Назарбаевқа грузин депутаттарының берген бағасы. «Назарбаевтың саяси жолы жас саясаткерлер үшін көрнекі үлгі», – дейді Грузия парламентінің мүшесі Давид Чичинадзе. Депутаттың сөзінше, бұл министрлер кабинетінің отставкасы мен жаңа мақсат-міндеттер айтылуы тиіс болған «Нұр Отан» партиясының съезіне дайындықты жариялау жағдайында күтпеген жаңалық болған. Соған қарамастан Давид Чичинадзе бұрынғы мемлекет басшысы саналы және жақсы ойластырылған шешім қабылдады деп есептейді.

Давид Чичинадзе, Грузия парламентінің депутаты, парламенттегі Қазақстан мен Грузия достық тобының мүшесі:

- Назарбаев билігі тұсында Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі көшбасшы мемлекет болды деп есептеймін. Оның саяси көрегендігі көптеген жас саясаткерлерге үлгі деп есептеймін. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев елді ішкі толғаныстар мен ұлтаралық қақтығыстардан сақтап қала алды. Ал Кеңес одағы тарағаннан кейін барлық елдермен қарым-қатынаста болып, қиын жағдайларда қолдау көрсетуге тырысты.

Хабар 24 телеарнасы