379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Қазақстан бейбітсүйгіш сыртқы саясатын сақтайды

  • 172
  • UPD: 14:44, 20.03.2019
ҚР СІМ: Қазақстан бейбітсүйгіш сыртқы саясатын сақтайды Zakon.kz

Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатып, оны Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғаннан кейін де шет елдермен тұрақты дипломатиялық байланыс сақтала бермек.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Сыртқы саяси ведомство өкілдерінің айтуынша, елде өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған барлық сала жаңғыртылып, демократия қағидаттарына негізделген азаматтық қоғам институттарын дамытуға баса мән беріледі. Мемлекет елдегі инвестициялық климатты жақсарту бойынша қолға алынған шараларды жалғастыра береді. Оның ішінде отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтары да ескеріледі. Тұңғыш Президент бастаған жобалар мен халықаралық бастамалар елдің егемендігі мен тұтастығына берік іргетас болып қаланды.

Хабар 24 телеарнасы