389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


В. Путин Қазақстан билігінің ауысуы сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді

  • 493
  • UPD: 19:06, 20.03.2019

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан билігінің ауысуы сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

Бұл туралы ол Ресей үкіметінің мүшелерімен кездесу барысында айтты. Сондай-ақ Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз байланыстың бастамашысы екеніне тоқталып, Еуразиялық экономикалық одақтың авторы екенін атап өтті. «Бүгінде сол жоба қарқынды дамып, өзін ақтап келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтауына байланысты біз оған бірлесе атқарған жұмыстары үшін үлкен алғыс білдіреміз. Мықты денсаулық пен сәттілік тілейміз», – деді Ресей басшысы.

Хабар 24 телеарнасы