388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

  • 836
  • UPD: 20:07, 20.03.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысына Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалып, ұлттық және мемлекеттік мейрамдарды мерекелеуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшыға «Нұр Отан» партиясының съезінде айтылған барлық тапсырмалардың орындалуына, стратегиялық бағдарламалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы