376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік сарапшылар: Қазақстандағы ауыс-түйіс – халықтың қамы үшін жасалған қадам

  • 226
  • UPD: 00:45, 21.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтату шешімі Ресейде де үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаткерлер мен саясаттанушылар үшін күтпеген жағдай болды. Ресейлік сарапшылар биліктегі ауыс-түйіс халықтың қамы үшін жасалған қадам деп есептейді.

Аңыз адам, көреген саясаткер. Дәл осылай Нұрсұлтан Назарбаевтың президент лауазымынан өз еркімен кетуін екі күннен бері ресейлік басылымдар жарыса жазып жатыр. Саясаткерлер 30 жыл ел басқарған Елбасының ерен еңбегін жоғары бағалады.

Аркадий Дубнов, саясаттанушы:

– Назарбаев көреген, дана, сындарлы саясаткер. Ол – әрбір қадамын ойлап, аңдап, таразыға салып басқан көшбасшы. Сол себепті тәуелсіз мемлекет құру жолында Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін айтпай кету мүмкін емес.

Сарапшылар бір ауыздан Нұрсұлтан Назарбаев билікте болған кезде Қазақстанның талай жеңіске жеткендігін айтады. Ол – экономикалық нарық пен жаңғыртуға өту, жаңа, тұрақты және саяси жүйе құру, ядролық қарудан бас тартып, оны әлемдік деңгейде мойындату. Сондай-ақ дінаралық саясаттағы жемісті жетістік тағы бар.   

Алексей Мухин:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың отыз жыл бойы ел басқаруы Ресейде тұрақты дамудың кепілі болып саналады. Шетелдік сарапшылар, тіпті өзіміздің сарапшылар Қазақстанды Ресейге экономикалық даму тұрғысынан үлгі ретінде ұсынады. Екі ел арасындағы серіктестігіміз тек нығая түсетініне сеніміміз мол.  

Ресейлік саясаткерлер Назарбаев ел басқарған тұста ешкімге ұқсамайтын, дамудың даңғыл жолын таңдай білді дейді. Сондай-ақ Тұңғыш Президенттің билікті беру формуласы ТМД елдері бойынша бірегей деген пікірде. Бұл үдеріс жіті әрі түрлі реформалармен дайындалған. Сол себепті биліктегі ауыс-түйіс елдің экономикасына да, саяси тұрақтылығына да залалын тигізбейді дейді олар.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы