379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пан Ги Мун: Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі ұлы көшбасшылар қатарына енгені анық

  • 196
  • UPD: 00:44, 21.03.2019

«Күтпеген жаңалық болды». БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстандағы ауыс-түйіс жөнінде осылай пікір білдірді.

Әлемге танымал бұл саясаткер әлі күнге дейін қоғам өміріне белсенді араласып жүр.

Пан Ги Мун қазір Жасыл дамудың жаһандық институтын басқарады. Бұл үкіметаралық ұйым әлемнің 30 елінде экологиялық жобаларды дамытумен айналысады. Саясаткер БҰҰ-ындағы қызметі аяқталғаннан кейін бірнеше мәрте елімізге келіп, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын. 

Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы /2007-2016/

– Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті басқарған кезде өз елімен қатар бүкіл дүниедегі бейбітшілік пен тұрақты дамуды ілгерілетті. Әлемдегі ең ұлы көшбасшылар қатарына енгені анық. Аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде және өзге де жаһандық мәселелер бойынша маған кеңес қажет болғанда, үнемі онымен ақылдасып жүретінмін. Өкілеттілігін тоқтатқанына қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы мен аймақ тұрғындарын бұрынғыдай жігерлендіріп тұратынына сенімдімін.

Пан Ги Мун Қазақстанның жаңа Президентін де жақсы біледі. Олар 2004 жылы танысқан. Екеуі де сол кезде өз елдерінің сыртқы істер министрліктерін басқарған. Ал 2011 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы болған кезінде Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты өз орынбасары және Женевадағы ұйым бөлімінің бас директоры етіп тағайындаған.

Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы /2007-2016/

– Қасым-Жомарт Тоқаев тынбай еңбек етіп, БҰҰ-ның жоғары лауазымды басшыларының бірі ретінде ұйым жұмысына зор үлесін қосты. Қызмет бабымен де, жекелей де арамыз жақын болды. Оның басқаруындағы Қазақстан және оның азаматтарының жағдайы жақсы болатынына нық сенемін. Өзін жақсы дипломат пен беделді ғалым ретінде көрсеткен Президент Тоқаев пен ұлы қазақ халқына шын жүректен табыс, гүлдену мен бейбітшілік тілеймін.

Пан Ги Мун тақауда Қазақстанға сапарлап келуді көздеп отыр. Ол келесі айда Астанада өтетін экономикалық форумға қатысады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы